Қазақстан мен Армения арасында визасыз режим енгізілді
Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды. Ал Армения азаматтары Қазақстанға сәйкестендіру картасы және басқа да құжаттар арқылы кіреді.
Ескеретін жайт, Қазақстанға немесе Арменияға кірген қос елдің азаматтары 30
күннен кейін құзырлы органдарға барып, тіркелуі керек.
Марат Қожаев, Сенат депутаты:
Марат Қожаев, Сенат депутаты:
Екі тарап 90 күнге дейін тіркеусіз бара береді. 30 күнге дейін тіркеусіз жүре береді. 30 күннен кейін тіркеуге отыруы керек.
Сондай-ақ Сенат Қазақстан мен Армения арасындағы қос азаматтықпен күрес
жөніндегі құжатты мақұлдады. Жыл басынан көші-қон заңын бұзған 10 мыңнан астам
шетелдік елден шығарылған. Сондай-ақ екі азаматтығы бар 600-ден астам адам
анықталған.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04