Әртістік жүзуден спортшылар 8 медаль жеңіп алды
Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты жалғасуда. Әртістік жүзуден Ұлттық құрама өкілдері 8 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі алтын. Техникалық соло бағдарламасында сынға түскен Карина Магрупова мен Виктор Друзин чемпион атанды. Жеңісті жолды командалық сындағы спортшылар жалғап, сары құрлық біріншілігінде екі рет топ жарды. Сондай-ақ жекелей сайыста Эдуард Ким күміс жүлдеге қол созса, Ясмина Исламова қоланы қанағат тұтты. Бұдан бөлек жұптық сайыста Эдуард пен Карина екінші орыннан көрінді. Арина Пушкина мен Ясмина Тұяқова кезекті қола медальді қоржынға салды.
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04