Бюджеттің 337,5 млрд теңгесі заңсыз жұмсалған
Биыл республикалық бюджетке 21 трлн 600 млрд теңге кіріс түскен. Оның 15 трлн 200 млрд-ы салық түсімдері. Бұл былтырғыға қарағанда 23,4 пайыз көп. Қаржы министрі Мәди Такиев Президентке бюджеттің орындалуы туралы есеп берді. Оның сөзінше, биыл 8 айда 791 аудит тексерісі жүргізілді. Нәтижесінде 337,5 миллиард теңгенің заңсыз жұмсалғаны анықталды. Қазір салық пен кеден салаларына жасанды интеллектіні енгізуге мән беріліп отыр. Президент барлық әлеуметтік міндеттемені орындау керек екенін айтты. Сондай-ақ саладағы цифрландыруды одан әрі дамытуды тапсырды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04