Еуропалық банктер «Қамбар-ата-1» ГЭС жобасына 2, 5 млрд доллар инвестиция құяды
Еуропалық инвестициялық банк «Қамбар ата» гидроэлектр станциясының құрылысына 900 млн еуро бөледі. Ал Еуропалық қайта құру және даму банкі жобаға 1,5 млрд доллар инвестиция бөлмек.
Брюссельде өткен халықаралық «Global gateway» форумы аясында Еуропалық банктер Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның энергетика министрлерімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қамбар-ата-1 су электр станциясын Қырғызстан, Қазақстан мен Өзбекстан бірігіп салмақ. Бұл Орталық Азиядағы энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға арналған маңызды бастама.
Толығырақ ертең 20:00-де «Апта» бағдарламасында «Qazaqstan» телеарнасының Брюссельдегі тілшісі Нұрсұлу Қасымның бейнематериалында.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04