Әлем жаңалықтарына шолу
Бүгін Нобель сыйлығының экономика бойынша 2025 жылғы лауреаттарының есімдері жарияланды. Олар – америкалық Джоэл Мокир, франциялық Филипп Агион және британдық ғалым Питер Хоуитт.
Егер Ресей Украинадағы соғысты тоқтатпаса, АҚШ Киевке «Томагавк» зымырандарын беруі мүмкін. Мұны президент Дональд Трамп бүгін Таяу Шығысқа аттанып бара жатқанда ескертті.
Пәкістан мен Ауғанстан бірнеше таулы ауданда қақтығысқанын растады. Екі жақ та бір-бірінің қарулы күштерін шығынға ұшыратқанын хабарлап отыр.
Мадагаскарда билікті күшпен басып алу әрекеті жалғасып жатыр. Мұны ел президенті Андри Радзуэлина осыдан бірнеше сағат бұрын мәлімдеді.
Словакияның шығысында екі пойыз соқтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда,
кемінде 20 адам жараланған.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04