Көкшетауда мүгедектер арбасын құрастыратын болды
Көкшетау қаласында келесі жылдан бастап электр қозғалтқышты мүгедектер арбасы құрастырылады. Алғашқы 300 арба Ақмола облысының тұрғындарына беріледі. Пилоттық жобаны қолға алған машина құрастыру зауыты тапсырыс болып жатса, еліміздің барлық аймағын қамтуға қауқарлы. Мәселен, 300 дана арбаны олар 2-3 аптада дайындауға әзір. Себебі өндіріс үшін барлық материалдық-техникалық жағдай жасалған.
Александр Шаврин, зауыттың техникалық директоры:
Биыл біз жаңа жоба бойынша жұмыс істеуге тапсырыс алдық. Бұл - мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін электрқозғалтқышты арба шығару. Оның өндірісіне біздің мамандар да, цехтеріміз де толық дайын. Келесі жылы 300 данасын шығарсақ, одан кейін 6 мың арба дайындауға қауқарлымыз. Тағы екінші бағытта жұмыс істеуді қолға алмақшымыз, ол газ баллондарын шығару. Бұл бағытта та біздің тәжірибеміз бар.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04