Президент Үкіметке шұғыл тапсырма берді
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке шұғыл тапсырма берді. Осы аптаның соңына дейін дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді жүктеді.
Бұл туралы Президент көмекшісі, әрі Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
«Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға,
сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер
енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді. Мемлекет басшысы Үкіметтің
экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық
мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі
нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды», - деп жазылған жазбада.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04