Түркістан облысында білім бөлімінің 43 қызметкері сотталды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 2 млрд 400 млн теңгені жымқырған білім бөлімінің 43 қызметкері сотталды. Олар 2019-2023 жылдар аралығында жұмыс істемейтін адамдарды тіркеп, жалақы аударып отырған. Аудандық білім бөлімінің 3 лауазымды қызметкері мен мектептерде жұмыс істеген 40 есепші жауапқа тартылды. Бөлім басшысы 10 жылға, 36 сотталушы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қалғандары жазасын шартты түрде өтейтін болды. Бұған дейін Түркістан облысында мемлекет қаржысын қалтаға басқаны үшін сотталған 37 есепші 500 млн теңгеден астам қаражатты мемлекетке қайтарды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04