Волонтерлік бағыттағы жобаларға қолдау көрсетіледі
Атырау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Эко мәдениет – жарқын болашақтың кепілі» атты кездесу өтті. Қатысушылар тазалық тақырыбында пікір алмасып, волонтерлік бастамалармен танысты. Сондай-ақ «Green Step School» жобасының арт-көрмесі, шеберлік сағаты мен таныстырылымы өтті. Мұндай кездесулер қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоғамдық белсенділікті арттырып, жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға үлес қосады дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ аудан-ауылдарда экологиялық жобасын әзірлеген жастарға қаржылық қолдау да бар.
Мәнсия Сағидоллақызы, Жастар ресурстық орталығының басшысы:
Біздің мақсатымыз - бастамашыл жастарды әлеуметтік, кәсіптік және волонтерлік бағыттағы жобаларды жүзеге асыру. Бұған 1 млн және 500 мың теңге көлемінде гранттар беріліп отырады.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04