Атырау облысында жол үстінде түйе баланы таптап тастады
Атырау облысында түйе көшедегі жасөспірімге шапқан. Оқиға Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласының 3-ықшам ауданында болды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада тұсаулы жүрген түйе үркіп, жол бойымен келе жатқан жасөспірімді таптап кеткен. Абырой болғанда көмекке келген көлік сигналынан кейін түйе үркіп, әрі қашқан. Жәбірленуші аудандық ауруханадан ем алды. Жауаптылар ойсылқараның сырғасынан Маңғыстау облысында тіркеліп тұрғанын, бірақ әлі күнге дейін иесі табылмағанын айтты.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04