Ресейде қосымша құн салығы өседі
Ресейде 1 қаңтардан бастап қосымша құн салығы өседі. Ол 20 пайыздан 22 пайызға көтерілмек. Осылайша ел үкіметі қазынаға 2 трлн рубль қосымша кіріс түседі деп болжап отыр. Онлайн сатушылар маркетплейстердегі бағалар 15%-ға дейін көтерілуі мүмкін деп ескертеді. Сонымен қатар азық-түлік, коммуналдық төлемдер тағы қымбаттайды. Санкция салдарынан қымбатшылық қос бүйірден қысып тұрған шақта тұрғын үй бағасы да өсіп жатыр. Сарапшылар салық көтерілсе, көлеңкелі бизнес белең алады деп отыр.
Ольга Малкова, сарапшы:
Менің ойымша, қосымша құн салығының 20 пайыздан 22 пайызға өсуі бағаға бірден әсер етпейді. Баға кезең-кезеңімен өседі. Жеңілдетілген салық жүйесімен салық төлеп отырған кәсіпкерлер енді өз тауарына бағаны көтеруге мәжбүр болады.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04