Қазақстан мен Өзбекстан фармацевтика саласын бірлесе дамытуға ниетті
Қазақстан мен Өзбекстан арасында медицина саласы бойынша бірыңғай академиялық кеңістік құрылуы мүмкін. Екі ел фармацевтика саласын бірлесе дамытуға ниетті. Сондай-ақ денсаулық сақтау бағытында білім беретін жоғарғы оқу орындарының дипломдарын өзара тану туралы келісім жасалды.
Бүгінде Ташкент медицина университетінде 100-ден астам қазақстандық студент білім алып жүр. Бұл дәрігерлердің жаңа буынын даярлауға тың серпін береді. Бауырлас елдерге ортақ білім беру жүйесін қалыптастырады. Мақсат – қолжетімді әрі заманауи технологияға негізделген денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Қазақстан мен Өзбекстан кадр даярлау бойынша әріптестіктің маңыздылығына ерекше мән береді.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Тағы бір үлкен шара - біздің студенттердің басын қосу. Бүгінгі күні Қазақстанның жоғары медициналық оқу орындарында шамамен 700 өзбекстандық студент білім алуда. Біздің жастар осы Өзбекстанда оқып жатыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04