Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында хайуанаттар бағының аумағы тазартылды
Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында хайуанаттар бағының аумағы тазартылды. Шараға 30 шақты белсенді жас қатысып, табиғатты қорғау мен қаланы көркейтуге өз үлесін қосты. Акция барысында жастар балалардың жиі келетін сүйікті демалыс орны күл-қоқыстан арылтты. Қураған шөпті орып, айналаны мұнтаздай етті. Хайуанаттардың азығын дайындады. Сөйтіп қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға үндеген жастар өзгеге үлгі болды.
Нұрсұлтан Сәрсенбаев, облыстық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай біздің облысымыздағы хайуанаттар бағында жастарға экологиялық сауаттылық түсіндіру, қоршаған ортаны аялап ұстау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Бұған көптеген университет пен колледж студенттері келіп жатыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04