Алматы халқына күн райына байланысты ескерту жасалды
Алматыда алдағы күндері ауа райы күрт бұзылып, көктайғақ болуы мүмкін. Осыған орай қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады. Яғни мамандар жолға шығар алдында, бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Көліктерін ағаштардың астына қоймауға шақырады. Сондай-ақ туристер мен қала қонақтарының тауға бармағаны жөн. Жаяу жүргіншілерге де абай болу қажет және алдағы суықта үйдегі түтін шығатын құбырларды да тексеруге шақырады. Қала әкімдігі тәулік бойы 580 арнайы техника мен 2500-ден аса жұмысшы кезекшілік ететінін хабарлады. «Қазгидромет» болжамынша, бүгін түнде Алматыда ауа температурасы -5 градусқа дейін түсуі мүмкін.
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04