Павлодардағы жұмысшылардың 737 млн теңге еңбекақы қарызы өтелді
Павлодардағы ірі өндіріс ошағы жұмыскерлеріне еңбекақы төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жіксіз құбырлар шығаратын кәсіпорында 3400-ге жуық адам еңбек етеді. Ал жалақы қарызы 740 млн теңгеге жуықтаған. Бірақ жұмыс тоқтамаған. Ең бастысы шығарылған өнім сатып алушыларға жөнелтіліп отырған. Бұл дерек прокуратураға жеткен соң құзырлы орган дереу тексеруді бастады.
Динара Қабышева, Павлодар қаласы прокуратурасының аға прокуроры:
«KSP Steеl» кәсіпорны жұмыскерлері бірнеше мәрте Павлодар қаласының прокуратурасына шағымданған болатын. Нәтижесінде біз шынымен 2025 жылдың қыркүйек айында үш мыңнан астам жұмыскерлерге 737 млн теңгедей жалақы төленбегенің анықтап, дерек расталды. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде бұл сома толықтай өтелді.
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04