Алматыда 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Алматыда алғашқы қар жауды. Кеше кешкі уақытта түскен ақ ұлпаның қалыңдығы қалада 1 см, таулы аймақта 10 сантиметрге жуықтады. Салдарынан көлік қозғалысы қиындап, қалада 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 6 адам жарақат алған. Ал бүгін жауатын қардың қалыңдығы 13 сантиметрге дейін жетіп, ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазір қалада 2 500-ден астам коммуналдық қызметкер мен мыңға жуық арнайы техника көшелерді тазалауға кіріскен. Қалалық Полиция департаменті тұрғындарды жолда сақ болуға шақырады. Қар мен көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін патрульдік қызмет күшейтіледі.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04