Бельгияда дрондарға байланысты екі әуежай жабылды
Белгісіз дрондар Еуропа әуежайларының жұмысына тағы кедергі келтірді. Бұл жолы Бельгияның Брюссель және Льеж әуежайлары жабылды. Ұшақ рейстері доғарылып, кейбіреуі өзге әуежайларға бағытталған. Әуе терминалдары қашан ашылатыны әзірге беймәлім. Бұған қоса, дрондар Бельгиядағы әскери база жанынан да көрінген. Елдің қорғаныс министрлігі бұл елді тұрақсыздандыруға бағытталған оқиға деп мәлімдеді. Соңғы айларда құрлықта мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Қыркүйекте белгісіз аппараттар Дания мен Норвегияның әуе кеңістігінен байқалған еді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04