ШҚО-да браконьерлерге қатысты мыңнан аса әкімшілік іс қозғалды
Шығыста орманды отаған браконьерлерге тыйым болмай тұр.Тек биыл 40-тан аса дерек анықталып, сотқа жолданған. Мыңнан аса әкімшілік айыппұл салынды. Олардың арасында қылмыстық іске тартылғандар да бар. Сондықтан орман мен жануарларды қорғау үшін өңірдегі осы салаға жауапты бірқатар құзырлы орган қызметкерлері күз бен көктемде арнайы рейдке шығады. Бұл жолы Батыс Алтай қорығы мен Громатуха өзенін әуеден шолып шықты. Нәтижесінде инспекторлар қадырғы балығын аулаған браконьерлерді қылмыс үстінде ұстады.Ал Шемонаиха ауданында ағашты заңсыз кескендер тұтылды.
Дархан
Ерсалин, орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:
Осы факті бойыншы құжаттар құқық қорғау органдарына хабарланды. Қазіргі уақытта қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта әуе рейдтік шаралар жүргізілетін болады. Қараша-желтоқсан айларында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04