Қостанайдағы медицина ұйымдары жаңа көлік алды
Қостанайда медицина ұйымдарына су жаңа 50 жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды. Реанимациялық автомобильдер аймақтағы аудан және қалалық ауруханалардың иелігіне берілді. Осылайша автопарктің 90 пайызы жаңарып, облыстағы реанимобиль саны 150-ге жетті. Көліктің бәрі жергілікті өндіріс орындарында құрастырылған.
Олег Мелещенко, Қостанай облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігерінің
м.а.:
Ендігі кезекте облыс орталығындағы жедел жәрдем бригадаларының санын арттырмақпыз. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсартып, науқасқа жету уақытын айтарлықтай қысқартады. Сондай-ақ техникалық парктің жаңаруы біздің салаға үлкен көңіл бөлініп отырғанның белгісі.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04