Алатау қаласында алғашқы әуе такси қызметі іске қосылмақ
Алатау қаласында еліміздегі алғашқы әуе такси қызметі іске қосылады. Ол үшін электрлі ивитол ұшақтары сатып алынбақ. АҚШ астанасы Вашингтонда еліміздің жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық «ДжобИ Ээро» компаниясы, Alatau Advance Air Group және кәсіпкер Вячеслав Ким өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, әуе такси жүйесін құру үшін 300 млн долларға электрлі ивитол ұшақтарын сатып алу көзделіп отыр. Бұл тігінен ұшып-қонатын инновациялық ұшу аппараттары Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильділігі жобасының негізі болмақ. Келісімге сай демонстрациялық ұшуға арналған сынақ алаңы құрылады әрі әуе таксиін Алатау мен Алматы қалаларының көлік желісіне кіріктіру жоспарланған.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04