Президент Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретініне тоқталды. Денис Мантуров та Ресей тарапының екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04