Алматыда қағаз қалдықтарды тапсыру акциясы өтті
Ал Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында қағаз қалдықтарды тапсыру акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық сананы арттыру, - дейді ұйымдастырушылар. Акция барысында тұрғындар қажетсіз қағаз өнімдерін – газет, журнал, картон және кеңсе қағаздарын комьюнити орталыққа өткізе алады. Жиналған барлық макулатураны орталық қызметкерлері арнайы қағаз қабылдайтын пунктке тапсырады.
Жанар Әбдіқадырова, Жетісу аудандық комьюнити орталығының қызметкері:
Қағаз қалдықтарын, жалпы одан басқа қалдықтарды сұрыптау мәдениеті енді дамып келе жатыр. Осы орайда жобамыз оң нәтижесін берсе, жоғары дәрежеде және дәстүрлі түрде өткізуге дайын екенімізді айтқымыз келеді.
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04