Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
Өзбекстанда азаматтар онлайн алаяқтардан қорғанудың жолдарын үйренуге кірісті. Ол үшін «Кибермәдениетті көтеру» жобасы қолға алынды. Тұрғындар цифрлық қауіпсіздік негіздерімен танысып арнайы білім алады. Мақсат –халықты өз деректерін қауіпсіз сақтауға, банк карталарын дұрыс пайдаланып, жалған веб-сайттар мен хабарламаларды тануға үйрету. Көрші елде онлайн қылмыстар соңғы бес жылда 68 есеге өскен. 2019 жылы небәрі 863 киберқылмыс тіркелсе, өткен жылы олардың саны 58 мыңнан асқан. Бүгінде әрбір екінші қылмыс цифрлық технологияларды қолдану арқылы жасалады. Интернет алаяқтарынан келген шығын 160 млн долларға жуықтайды.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04