Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина қолданысқа енгізілді
Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина қолданысқа енгізілді. Көрші елде аты жаман ауруға қарсы екі екпе жасалған. Бірі - меланома емдеу үшін арналған. Екіншісі - колоректальды ракқа қарсы пептидтік вакцина. Жаңа инновациялық препараттар ауыр онкологиялық науқастарға арналған. Екі вакцина да профилактика немесе аурудың алдын алуға емес, оның дамуын тежеу үшін қолданылады. Екпе алдымен мемлекеттік ауруханаларға таратылады.
Станислав Злотовский, дәрігер:
Санкцияға дейін белгілі бір бәсекелестер болса, қазір тек өз өнімімізді қолданып, препаратты шығарып отырмыз. Сапасы жақсы, бағасы қолжетімді болуы тиіс. Бастысы қатерлі ісікті емдеуге мүмкіндік береді.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04