Таиландтағы тасқыннан 13 адам қаза тапты
Таиландтың 9 провинциясында болған алапат су тасқынынан 13 адам қаза тапты. Табиғи апат 2 миллион тұрғынның күнделікті өміріне әсер еткен. Қонақүйлерден туристер қауіпсіз жерге көшіріліп, уақытша пана берілген. Су тасқыны жайлаған аудандарда 1 аптадай нөсер жауын жауып тұр. Кей өңірлерде электр жарығы өшіп, интернет және сумен жабдықтау жүйесі істен шықты. Туристік компаниялар аралдар арасында қайықпен экскурсияларды кейінге қалдырған. Табиғи апаттан зардап шеккен өңір халқына көмекке құтқарушылармен бірге әскерилер де тартылды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04