СҚО-да мал дәрігері бруцеллез жұқтырған
Солтүстік Қазақстан облысында ветеринар дәрігер малдан бруцеллез жұқтырды.
Науқас Қызылжар ауданындағы Пресновка ауылының тұрғыны. Дәрігерлердің айтуынша, ветеринардың жағдайы қанағаттанарлық, диспансерлік тіркеуге алынды. Дертінен айыққанша мамандар бақылауында болады. Өңірде қауіпті инфекцияны жұқтрудың тағы бір дерегі тіркелді. Айыртау ауданының тұрғыны шикі сүт тұтынған. Жалпы жыл басынан бері облыста 300-ге жуық қара малдан бруцеллез анықталды. Ауру мал тәркіленіп, арнайы алаңдарда сойылды. Иелеріне өтемақы төленеді.
Абылайхан Таңатар, дәрігер:
Бруцеллез асқыныстарымен өте қауіпті. Жүйке жүйесін зақымдайды, неврит пайда болуы мүмікн. Бұлшық еттерді зақымдайды мелит пайда болуы мүмкін және ірі буындарда артриттер пайда болуы мүмкін. Бруцеллездің өзі 45 күнде емделгенімен оның асқыныстары ұзақ жылдарға кетеді. Поликлинкалық деңгейде дәрігердің бақылауында тұрады.
Автор
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04