Сенат су ресурстарын қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады
Сенат су ресурстарын қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады. Құжат 1999 жылы Лондонда қабылданған хаттаманы ратификациялауды көздейді. Хаттамада су сапасын жақсарту арқылы халықтың денсаулығын қорғауға және сумен байланысты аурулардың таралуын азайтуға бағытталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, лас судан 35-тен астам инфекциялық ауру таралуы мүмкін. Сенаторлар су мәселесін тек ресурс емес, денсаулық пен әлеуметтік даму тұрғысынан да кешенді саясат ретінде қарастыру қажет екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Бұл шаралар ауыз су көзі ретінде пайдаланылатын су ресурстарын ластанудан қорғауды қамтамасыз етуді көздейді. Жалпы заң денсаулық және су ресурстарын пайдалану салаларының орнықты дамуына оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04