Мораторий аяқталғанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қанша пайызға қымбаттайды?
Үкімет қазанның ортасында бензиннің АИ-92 маркасының және дизельдің бағасына мораторий жариялаған. Алдағы жылдың наурыз айының соңына дейін деп, тез келетін уақыт болса да, нақты мерзімін атаған.
Яғни қазан айында АИ-92-нің бір литрінің бағасы қанша болса, сол қалуы керек еді. Алайда соңғы уақытта ірі жанар-жағармай бекеттерінде бейнелеп айтқанда «қатып тұруы» тиіс бағаға 5 теңгеге дейін қосылғанын жұрт бірден байқады.
Мысалы, Алматыдағы Sinooil бекеттерінде 8 қазанда баға 236 теңге болса, 1 желтоқсанда 241 теңгеге сатылған. Энергетика министрлігі «Олай істеген жанар-жағармай желілерін тексереміз, ал өздеріңіз call-орталықтарға хабарлап, шағым түсіріңіздер» дейді.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04