Ресейдегі қазақ жауынгерлерінің сүйегі Қазақстанға тапсырылды
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің сүйегі туған елінде құрметпен жерленеді. Мәскеудегі Жеңіс мұражайында Псков облысындағы іздестірушілер тапқан жауынгерлердің сүйегі Қазақстан тарапына тапсырылды. Қызылорда облысының тумасы Байбұл Рахметов және Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген Мұсахан Қалмұрзаев Псков маңында қаза тапқан. Танк зеңбірекшісі Байбұл Рахметовті «Ерлігі үшін» медалі мен «Қызыл жұлдыз» ордені бойынша таныған. Аталған орденмен ол немістің «Тигр» танкісін атып қиратқаны үшін марапатталған екен. Мұсахан Қалмұрзаев шаңғы батальонының автоматшысы болған. Бұл бөлімшелер жаудың сыртынан әрекет етіп, ұрыс барысын өзгертуге немесе дағдарысты жоюға ықпал еткен.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04