Алматыда пластикалық қақпақтарды жинау науқаны басталды
Алматыда пластикалық қақпақтарды жинау науқаны басталды. Былтыр осы акцияға қала мектептерінің барлығы атсалысып, 2,5 тоннаға жуық қақпақ жиналған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай науқан пластикалық заттардың қоқысқа түспей, кәдеге жарауына сеп. Қақпақтар қайта өңделіп, олардан тұрмысқа қажетті заттар, орындық, шахмат сияқты түрлі бұйымдар жасалады. Жыл соңында акция жұмысы қорытындыланып, белсенді оқушыларға осы пластиктен жасалған сыйлықтар табысталмақ.
Лина Каримова, эко-хаб орталығының қызметкері:
Бүкіл мектептің оқушылары қақпақтарды жинайды. Әрбір мектептен өз комьюнити орталықтарына жақын жердегі апарады. Сосын олардың салмағын анықтайды. Комьюнити орталығынан бізге жібереді. Қаншама килограмм әкелді.
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04