Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жолдар жабылды
Облысты екі тәулік бойы қарлы боран соқты. Кеше кешкілік үш республикалық және төрт облыстық маңыздағы жолдар жабылды. Алыс елді мекендерден келе жатып, сапарын жалғастыра алмаған жүргізушілер мен жолаушылар кемпингтерге және жақын елді мекендердегі мешіттерге орналастырылды. Олар жолдар ашылғаннан кейін, бүгін таңда сапарларын жалғастырды. Дегенмен, бүгін түске дейін бірінші-сегізінші сынып оқушылары қашықтан оқып жатыр. Синоптиктердің болжамынша, бүгін де өңірде жаяу бұрқасын соғады. Ақ түтек боран Ақмола, Абай, Қарағанды, Жамбыл және Павлодар облыстарының тұрғындарын да әуреге салды. Бұл өңірлерде де бірнеше бағыттағы жолдар жабылған.
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04