Жетісулық оқушылар ағылшын тілінде қойылымды сахналады
Жетісулық оқушылар ағылшын тілінде қойылым көрсетті. Жаркент қаласындағы келешек орта мектебінде сахналанған туынды «Бір-бірімізге көмектесейік!» деп аталады. Ұйымдастырушылар қойылым арқылы мейірімділік пен достық қарым-қатынасты насихаттауды мақсат еткендерін айтады. Білім шаңрағында «қуыршақ театры» жобасы іске асырылуда. Алдағы уақытта жоба аясында Мұхтар Шахановтың «Отырардың күйреуі» поэмасын сахналау жоспарлануда. Қазір дайындық жұмыстары басталды. Қойылым арқылы оқушылардың тарихи санасын, елдік құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, күрделі мәтінді меңгеру, образға ену, сахналық мәдениетті үйрету көзделген.
Мәлік Тұрғанбек, директордың әдістеме-ісі жөніндегі орынбасары:
Бұл жерде қуыршақ театры ағылшын тілінде болғандықтан сөйлеу, әңгімелеу, ойлау дағдыларын қалыптастырады. Оқушылар бұл жоба арқылы қуыршақты қолан жасағандықтан, оқушыларда қол-өнер дағдысыда қалыптасады.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04