Al Jazeera Қазақстанда хабар таратқысы келеді
Әлемдегі жетекші медиахолдингтердің бірі Al Jazeera Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенімен стратегиялық әріптестікті нығайтуға ниетті. Медиакорпорация Қазақстанда хабар таратуға және Орталық Азияға арналған аймақтық медиа хаб құруға қызығушылық танытты. Бұл туралы Қатар астанасы Доха қаласында өткен кездесуде белгілі болды. Сонымен қатар тараптар журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға ынталы екенін жеткізді. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама Қазақстан медиасының халықаралық беделін күшейтіп, өңірлік ақпарат алмасуды жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04