Қарулы күштердің үздіктері марапатталды
«Әскер тарланы» байқауы қорытындыланды. Еліміздің Отан қорғау жолында ерен еңбек етіп келе жатқан өз ісінің нағыз мамандары марапатталды. Биылғы іріктеу 27 номинация бойынша өтті. Олардың арасында үздік ұшқыш, теңізші, бітімгер, спортшы, сондай-ақ артиллерия, байланыс, сапер, әскери техника саласының кәсіби мамандары бар. «Мерейлі отбасы» аталымына ие болғандар да анықталды. Сондай-ақ биылғы байқауда әскерилердің шығармашылық әлеуеті жоғары бағаланды. «Әскер тарланы» байқауы елімізде биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Қуандық Ахметқалиев, 10/810 әскери бөлімінің механик жүргізушісі:
Әскер тарланы марапатымен марапатталдым және оған қуаныштымын, сол қуанышымызға отбасыммен келдік. Қазіргі уақытта біздің мақсатымыз - жас сарбаздарды танк жүргізуді үйрету және оларды шыңдауға үлес қосып жатырмыз.
Автор
Айжан Иманғали
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04