Алматыда жүрекке алғаш рет арнайы құрылғы орнатылды
Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында жүрек ауруына шалдыққан науқасқа алғаш рет арнайы кардиологиялық құрылғы орнатылды. 58 жастағы ер адам 10 жыл бұрын ауыр дертке душар болған. Дәрігерлердің айтуынша, оның кенеттен жүрегі тоқтап қалу қаупі жоғары болған. Науқасқа орнатылған кардиовертер-дефибриллятор жүрек ырғағының қауіпті ритімін автоматты түрде анықтап, дер кезінде қалыпқа келтіреді. Операция МӘМС аясында жүргізілді. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, десе де 3-6 ай сайын дәрігерлік бақылаудан өтіп тұруы қажет.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04