Мемлекеттік секторда AI-агенттер саны артады
Былтыр шілдеде Alem.cloud Ұлттық суперкомпьютерлік орталығында NVIDIA чиптеріне негізделген суперкомпьютерлік кластер пайдалануға берілді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі есептеу кешені. Әлемдік TOP-500 рейтингінде 86-орынға ие болды.
Ерекше айтып өтетін жайт, есептеу ресурстарын барлық мемлекеттік орган пайдалана алады. Сондай-ақ былтыр Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылды. Қазіргі таңда платформаны мыңдаған қызметкер пайдаланып отыр. Енді мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында қолданылатын 50-ден астам AI-агент әзірленіп жатыр.
Ғиззат Байтұрсынов, ЖИ және
цифрлық даму министрлігінің комитет төрағасы:
2025 жылы барлық негізгі мемлекеттік органдарды қамтитын 20 цифрлық трансформация картасы бекітілді. Цифрлық трансформация карталары классикалық IT-бағдарламалардан түбегейлі ерекшеленеді. Бұл – экономиканың және әлеуметтік саланың 72 бағыты бойынша процестерді өзгертуге арналған жол карталары.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04