Бірнеше облыста оқушылар онлайн оқуға көшкен
Ақмола облысында да мектептердің барлығы қашықтан оқуға көшірілді. Қазір өңірдегі ауа температурасы -30 градус. Түнде аяз 35 градусқа дейін төмендеп, дизельді отын мен қоғамдық көліктер үшін жолға шығуға шектеу қойылған болатын. Қазір барлық бағытта жол ашық.
Ал Шығыста Алтай ауданындағы оқушылар онлайн оқып жатыр. Өткен түннен бері бұл өңірде де 30-33 градусқа дейін аяз болып тұр.
Қостанай және Павлодар облыстарында да аязға байланысты бірінші ауысымның бастауыш және тоғызыншы сынып оқушылары онлайн оқуға көшті. Синоптиктер алдағы күндер сынап бағанасы -30 градусқа дейін төмендеп, боран соғуы мүмкін деп ескертеді. Сондықтан алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04