Депутат: Құрылыс саласы қатаң бақылауда болады
Парламент Мәжілісінің депутаттары Сыр өңіріндегі жұмыс сапары барысында Қызылордадағы темір-бетон зауытына барды. Өндіріс орнында жұмысшылармен кездесіп, жаңадан қабылданған «Құрылыс» кодексі туралы заңды түсіндірді.
Зауытта 100-ге жуық адам еңбек етеді. Мұнда шығарылған темір-бетон бұйымдары күнделікті құрылыс алаңдарына жөнелтіліп жатыр. Ең басты талап – сапа. Сондықтан зауыт ұжымы құрылыс нормаларына жаңадан енгізілген өзгерістерді қолдайды. Әсіресе, мердігерлерге жауапкершілік жүгі артып отыр. Кодексте жаңадан салынған нысандардың кепілдік мерзімі 2-ден 10 жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ бір құрылыс компаниясы бір мезетте бірнеше жобамен айналыса алмайды.
Мұрат Әбенов, Мәжіліс депутаты:
Барлық деңгейде мемлекеттік бақылау болады және аяғында мемлекеттік органдар қабылдау керек. Оған ТЖД-ны қостық, ГАСК-ты енгіздік. Қол қоятын адамдар барлығы жауапты болады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04