Ақтөбе облысында Ә.Молдағұлованы еске алды
14 қаңтар қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза болған күні. Батырдың туған жері – Ақтөбе облысында еске алу шаралары өтті.
Батырдың туыстары, зиялы қауым өкілдері мен сарбаздар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Тарихшылар
мен еңбек ардагерлері ерлік пен елдік туралы ой толғады. Еске алу шарасы
батырдың туған ауылында және мемориалдық мұражайда жалғасты. Мұнда «Өшпес
ерлік» кітабының тұсаукесері де өтті. Жинаққа Әлия Молдағұлованың көзін көрген
жандардың естеліктері, ескерткіштер және көше атауларына қатысты тың мәліметтер
топтастырылған.
Жанар Мақсұтова, «Әлия» мемориалдық мұражайының директоры:
Сапура Молдағұловаға хат жазғаны бәрімізге белгілі. Сапура Молдағұлованың өзінің көзі тірі кезінде осы музей қорына тапсырған жеке естеліктері жазылған. Ол бұрын-соңды жарияланбаған еді, осы кітаптан орын алды. Сонымен бірге естеліктері, туындылары суретшілердің, олар да ешбір кітапта жарияланбаған.
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04