Қаржы нарығын реттеу және банкроттыққа қатысты заң қабылданды
Президент қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселесіне қатысты заңға қол қойды. Енді цифрлық теңге бүкіл ел аумағында қолданысқа енеді. Бұрын ол пилоттық жоба ретінде бірнеше өңірде ғана болған еді. Бұл бастама шалғай өңірлерде банктік қызметтерді қолжетімді етіп, қазынадан бөлінетін қомақты қаржының қайда, қалай жұмсалғанын бақылауға көмек береді. Бұдан бөлек банкроттықты рәсімдеу жеңілдейді. Бұрын сотқа барып, шешім қабылданғанша жарты жыл күту керек болатын. Банк кейде келісім бермей, ұзаққа созады. Енді қаржылық омбудсмен мәселені тезірек реттеуге көмек береді. Оларға істі сотқа жеткізбей шешім шығаратын құзірет берілді.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04