Курчатовта электр станциясы салынады
Абай облысы Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа электр станциясы салынады. Жоба заманауи экологиялық талаптарға сай, аз көмір жағып, көп қуат өндіру арқылы іске асады. Түтін мен улы газдар арнайы сүзгілер арқылы тазаланады. Құрылыс кезінде 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Ал станция іске қосылған соң 400 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Электр станциясы мемлекет қаржысына емес, жеке компанияның ақшасына салынады. Кейін кәсіпорын электр қуатын сатып, өз шығындарын өзі өтейді.
Автор
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04