АҚШ-та жүзден аса көлік соқтығысқан
АҚШ-тың Мичиган штатындағы жолдарды қалың қар басып, жүзден астам көлік соқтығысты. Боран соғып, айналаны көру қиындады. Ондаған адам зардап шекті. Мұның алдында елдің ұлттық метеорология қызметі ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолға шықпауға кеңес берген еді. Куәгерлер түсірген бейнежазбалардан жеңіл машиналар мен жүк көліктерінің қатты зақымданғанын көруге болады. Штат полициясы жолдарды толық жапты. Оқиға орнында шұғыл қызмет мамандары мен эвакуаторлар жұмыс істеп жатыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04