Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Базалық мөлшерлеме тағы да 18% мөлшерінде өзгеріссіз қалды. Бұған елдегі қымбатшылық себеп, - деді Ұлттық банк төрағасы. Әсіресе азық-түлік пен тұрмыстық заттардың бағасы шарықтап барады. Себебі елде өндірушілер аз. Ал тұрғындар сатып алатын тауар көлемі көп. Яғни бағаның көтерілуіне сұраныс әсер етіп отыр. Ұлттық банк мөлшерлемені жылдың ортасына дейін қазіргі деңгейде сақтауы ықтимал. Келесі шешім 6 наурызда сағат 12:00-де жарияланады.
Тимур
Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы:
Базалық мөлшерлемені бәрін мұқият саралағаннан кейін ғана белгілейміз. Өйткені оған әсер ететін факторлар көп. Бірінші кезекте салық жүйесіндегі өзгерістердің нарыққа әсерін бағамдау маңызды.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04