Еуропада тұмау өршіді
Еуропада маусымдық тұмау өршіді. Бельгия мен Испанияда ауруханаға түскендердің саны соңғы бір аптада күрт көбейген. Дені 15 жасқа дейінгі балалар мен 60 тан асқан ересектер. Аурухана мен дәрігерлерге жүктеме көбейгендіктен Бельгияның денсаулық сақтау институты қызғылт сары дабыл деңгейін іске қосты. Эпидемиологтар адам көп шоғырланатын жерлерде тұрғындарға қайтадан маска киюге кеңес беріп жатыр. Жұқпалы ауру өршігелі қарт құрлық елдерінде тұмауға қарсы екпе салдыртқандардың қатары артқан. Вакцина аурудың ауыр түрінен қорғайды, дейді дәрігерлер.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04