Шығыста қарлы боран соғып тұр
Шығыста кешеден бері қарлы боран соғып тұр.
Сондықтан өткен түннен бері облыстық маңыздағы аудан және ауыл арасындағы
жолдардың көбі жабық тұр. Ал республикалық сипаттағы Өскемен-Алтай-Рахман қайнары
және Алматы-Шемонайха бағытындағы автокөлік жолдарының кейбір бөліктеріне уақытша
шектеу қойылды. Көктайғақпен қоса қатты желден жол көрінбейді. «ҚазАвтоЖол» мекемесі
мамандары жолдағы қарды күреп жатыр. Ал «Қазгидромет» орталығы шығыста алдағы үш
тәулікте күн райы құбылмалы болатынан хабарлады. Таулы аудандарда қар жауса, өңірдің
оңтүстігінде жауын жауады. Бүгіннің өзінде кейбір аумақтарда күн райы +3+5
градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар.
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04