Сумошы Ерсін Балтағұл балуандармен кездесті
Жапон жұртын мойындатқан кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл Елордаға келді. Ол күншығыс елінде «Кинбозан Харуки», яғни, «Алтын тау» лақап атымен танымал. Былтыр ғана Жапониядан өткен «Хацу басёсы» кубогінде үшінші орын иеленіп, ел мерейін асырды. Бүгінде ол сумо күресінің ең жоғарғы дивизионында күреседі. Қазір алдағы наурыз айында Осака қаласында өтетін император жарысында дайындық жүргізіп жатыр. Спортшы қазақ палуандармен кездесуінде жүріп өткен жолы, сумо спортының қыр-сыры жайында ой бөлісті. Сөзінше, сумода жетістікке жетуіне қазақ күресінің әдіс-тәсілдері көмектескен.
Ерсін Балтағұл, кәсіби сумошы:
Қазақстан, Алматы деп шыққаннан кейін, көк туымызды 146 млн халқы бар Жапонияға шығарып отырғаннан кейін барынша күресуге тырысамыз. Сумо күресінде анда-санда жамбасқа лақтыру әдістерін қолданамыз.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04