Алматыда газы бар үйде көмір жағуға тыйым салынды
Енді Алматы қаласында көмір мен сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Газға қосылу мүмкіндігі бар үйлерде көмір жағуға болмайды. Яғни жеке үйлер, моншалар және көпқабатты үйлерді жылытатын шағын қазандықтар қатты немесе сұйық отын қолдана алмайды. Бұл талап тек тұрғындарға емес, қазандық ұстайтын кәсіпкерлерге де қатысты. Олар ауаны ластамас үшін арнайы сүзгі орнатуы міндетті. Сондай-ақ арнайы техника, бензин және дизель генераторлары да экологиялық талаптарға сай болуы тиіс.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04