Газ есептегіш көрсеткіштерін мобильді қосымша арқылы жіберетін тұтынушылар саны артты
Елімізде газ есептегіш көрсеткіштерін мобильді қосымша арқылы жіберетін тұтынушылар саны артты. Жарты миллионнан астам адам QazaqGaz Aimaq қосымшасын жүктеп, соның көмегімен 200 мыңнан астам есептегіш көрсеткіші берілген. Қосымша былтыр іске қосылып, тұтынушыларға газ есептегіш көрсеткіштерін ыңғайлы түрде жіберу мүмкіндігі ұсынылған болатын. Ол есептегіш көрсеткіштерін фото арқылы автоматты түрде танып, деректердегі қателер мен ауытқуларды тексереді. Қазіргі таңда қосымшада виртуалды AI-кеңесші жабық тестілеуден өтіп жатыр. Жасанды интеллект негізіндегі жаңа цифрлық көмекші табиғи газ тұтынушылардың сұрақтарына тәулік бойы жауап беретін болады.
Автор
Айжан Иманғали
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04