Суға лимит: 5 өңірдің шаруаларымен келісімшарт жасалады
Егіс алқабы қурап, су тапшылығына тап болатын шаруалармен келісім шарт жасалады. Яғни бес өңірдің диқаншыларына су лимитпен беріледі. Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарының шаруалары пайдаланатын су мөлшері белгіленді. Ал талапты бұзғандарға айыппұл салынады. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары мәлім етті. Тіпті шаруа келісім шартта көрсеткен өнімді емес, басқа өнім ексе де айыппұл салынады.
Ерболат Ибрайханов, Су ресурстары және ирригация вице-министрі:
Келісімшартқа отырған кезде жанағы вид культуры и объем потребления көрсетіледі. Егер содан асып кеткен болатын болса табиғи монополияларды зерттеу заңы бойынша 20% көлемді штраф салынады бұл шаруаға. Егер ол жүгері егемін деп күріш егіп жіберетін болса, онда 50% төлемақы үстінен төленеді. Договорсыз егін егетін болса, онда 100% артығымен төлену керек болады.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04