Жаңа Конституция кәсіпкерлердің құқығын қорғайды
Жаңа Ата заң жобасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтеді. 30 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан Ұлболсын Сүгірәлиеваның айтуынша, бизнес өкілдері өз құқықтары бұзылған жағдайда Конституциялық сотқа тікелей жүгіну мүмкіндігі бар. Бұл – құқықтық мемлекеттің нақты көрінісі, әрі кәсіпкер үшін сенімді қадам. Ұлболсын Сүгірәлиева Жаңа Конституция жобасын тек құқықтық өзгеріс емес, экономикалық өсімге жол ашатынына сенеді. Кәсіпкер үшін тұрақты заңнамалық орта – инвестиция тартудың, өндірісті кеңейтудің және жаңа жұмыс орындарын ашудың басты кепілі.
Ұлболсын Сүгірәлиева, кәсіпкер:
Жаңа Конституция жобасынында маған ұнағаны - бизнес жөнінде. Құқық қорғау. Егер сіздің бизнесіңізге әділетсіздік жасалса, сіз еркін Конституция сотына жүгіне аласыз. Бұл үлкен мүмкіндік сіздің бизнесіңізді қорғауда. Тұрақтылық. Бұл жерде бизнес жоспарды бірнеше жыл қолдануға болады. Сенімді жасауға болады. Ешкімнен қорықпауға болады. Қысқаша айтқанда, реформа бізге үлкен мүмкіншілік. Жаңа мүмкіншілік.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04